Әуен, күлкілер, құшақтасулар мен алғысқа толы жылы сөздер – осылай мектебіміздің көптен күткен мерейтойымыз өтті!
Бұл жай ғана мереке емес, үлкен отбасының жылы кездесуі, әркім – біртұтас тарихтың ажырамас бөлігі: мұғалімдер, түлектер, оқушылар және ата-аналар.
Ерекше алғыс сөздеріміз – мектебіміздің жүрегі, жас та шабытты, заманауи ойлы, мейірімді жүректі директорымыз Балгинжина Валентина Таласхановнаға! Ол заман ағымымен қатар жүріп қана қоймай, болашаққа жол сілтеп, жаңашылдық пен дәстүрді ұштастыра біледі. Сол себепті біздің мектебіміз – тек білім ордасы емес, жылулық пен рухани байлықтың ұясы, шуағын шашқан шабыт мекені. Оның шексіз энергиясы, жаңашыл бастамалары мен ұжымға деген сенімінің арқасында мектебіміз жарқын өмір сүріп, дамып, заман ағымымен бірге ілгерілеп келеді.
20 жыл – жай ғана күн емес. Бұл – мейірім мен еңбекке, сенім мен жылулыққа толы өмір жолы. Алда бізді жаңа белестер мен жарқын жеңістер, жаңа шабыт пен қуаныштар күтіп тұрсын!
Мерейтойыңмен, сүйікті мектебіміз!
Қабырғаларыңда әрдайым балалық күлкі естіліп, достықтың дәні көктеп, арман қанат жайсын!